Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 6-қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр жұмысының бөлімі (бөлімшелер, топтар) туралы
1. Кадр жұмысының бөлімі (бөлімше, топ) (бұдан әрі - бөлім) Департаменттің құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Бөлім (бөлім, топ) өзінің құзырет шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, ҚАЖ комитетінің, Департаменттің бұйрықтарын, актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Бөлімнің (бөлімше, топ) штат санын, құрылымын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте бекітеді. 1. _____________________; 2. _____________________; 3. _____________________; 4. _____________________ тұрады.
2. Бөлімнің (бөлімше, топ) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде, ішкі істер органдарының жүйесінде бірыңғай кадр саясатын жүзеге асыру. Функциялары: 1) кадр саясаты облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Президентінің шешімдерін ішкі істер органдары жүйесінде жүзеге асырады, төменгі құрылым бөлімшелерімен олардың орындалу жұмысын тексереді, осы қызметтің нәтижелері және жай-күйі туралы ҚАЖК-не ақпарат береді, кадр жұмысының сұрақтары бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік басшылықты жүзеге асырады; 2) ҚАЖ кадр саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 3) кадрлармен жұмыстың басымды бағыттарын анықтайды, осы қызметті жетілдіру бойынша ҚАЖК-не ұсыныстар енгізеді; 4) ІІМ, ҚАЖК-не белгіленген үлгі бойынша тиісті статистикалық есептілікті ұсынады, жиынтық есептемелер мен мәліметтерге талдау жасайды және зерделейді; 5) ҚАЖД басшылығы жанындағы жедел кеңестердің жұмыс жоспарларына ұсыныстар енгізеді; 6) Бөлімшенің келешекке арналған және ағымдағы жоспарларын, іс-шаралар жоспарларын әзірлейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|