Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 48-қосымша
Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы туралы үлгілік ереже
1. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы (бұдан әрі - ЕБҚКБ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетіне бағынысты және есеп беретін Ішкі істер департаментінің дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. ЕБҚКБ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерін, өзге нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. ЕБҚКБ құрылымын және штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) _____________________________; 2) _____________________________; 3) _______________________ тұрады.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорлары айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету: Функциялары: 1) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мемлекеттік саясатты және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтарының, прекурсорларының айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы стратегияны іске асырады; 2) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің салалық бағдарламасын, Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелерінде аумақты дамыту бағдарламасын іске асырады; 3) Есірткіге қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру бөлігінде ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері, аудандық (қалалық) атқарушы органдар қызметіне мониторинг жүргізеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|