«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 196 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 854-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында: 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;»; 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) беруші - Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;»; 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «18. Беру жоспары мыналарды қамтиды: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|