Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015.24.06. № 224 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілді
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық және Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім) мемлекеттік мекемелерімен көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру басқарманың және бөлімнің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшеге төлем шоттарының тізілімін ұсыну болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекетінің тәртібін сипаттау
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 725 «Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіз болып табылады. Құжаттар тізбесін қабылдау стандарттың 9-тармағына сәйкес жүргізіледі. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны. 1) Бөлімнің жауапты орындаушысы: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|