Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 85-қосымша
Ішкі істер департаменті жанындағы, қалалық, аудандық ішкі істер органы жол-патрульдік полициясы саптық бөлінісінің, айдауылдау қызметінің, жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қамтамасыз ету қызметі туралы үлгілік ереже
1. Қамтамасыз ету қызметі (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес материалдық-техникалық, шаруашылық және тұрмыстық жабдықтауды, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын Ішкі істер департаментінің, қалалық, аудандық ішкі істер органы жол-патрульдік полициясы саптық бөлінісінің, айдауылдау қызметінің, жылдам қимылдайтын арнайы жасағының құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Қызмет өзінің жұмысында Қазақстан Республикасы Конститутциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Қызметтің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамалық тәртібінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді. 1) ___________________________________; 2) ___________________________________; 3) ___________________________________ тұрады.
2. Қызметтің негізгі міндеттері мен функциясы, құқығы мен міндеттемелері
5. Міндеті: материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Функциясы: 1) тиесілік нормаларына сәйкес материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету бойынша негізгі бағыттарды әзірлейді; 2) материалдық-техникалық ресурстардың негізгі тапсырыс берушісінің міндетін орындайды; 4) материалдық-техникалық құралдармен, оның ішінде әскери және арнайы мақсаттағы, қамтамасыз ету жөніндегі қажеттілікті жинайды, талдайды және жинақтайды; 5) әскери және арнайы мақсаттағы материалдық құралдармен қамтамасыз ету есебін жүргізеді; 6) күнделікті арттехқару-жарақ мүлкін, атап айтқанда табельдік қаруды қабылдау-беру барысын бақылайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|