Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 89-қосымша
Белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарының, уақытша ұстау изоляторының, әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындарының медициналық бөлім туралы үлгілік ереже
1. Медициналық бөлім белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарының, уақытша ұстау изоляторының, әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орындарының (бұдан әрі - арнайы мекеме) құрылымдық бөлініс болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнайы мекемелерде ұсталатын контингенттерге медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 2. Медициналық бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ішкі істер министрінің нормативтік-құқықтық актілерін және өзге де құжаттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Медицина бөлімінің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамасының тәртібінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді. 1) _____________________________________; 2) _____________________________________; 3) _____________________________________ тұрады.
2. Медициналық бөлімнің міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық қызметпен айналысуға арналған мемлекеттік лицензиясы бар дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. Функциялары: 1) ауруларды алдын ала анықтау, сондай-ақ ұсталғандар арасынан денсаулық сақтау органдарының медициналық ұйымдарына уақтылы жіберу және ауырғандарды госпитальға жатқызу; 2) ұсталған адамдардың денсаулық жағдайына медициналық бақылауды қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|