Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 102-қосымша
Ішкі істер департаменті жанындағы және қалалық, аудандық ішкі істер органы жол-патрульдік полициясы саптық бөлінісінің кезекші бөлімі туралы үлгілік ереже
1. Кезекші бөлім Ішкі істер департаменті (бұдан әрі - ІІД) жанындағы және қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұдан әрі - қалалық, аудандық орган) жол-патрульдік полициясы саптық бөлінісінің (бұдан әрі - ЖППСБ) дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Кезекші бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдарды Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Кезекші бөлімнің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді. 1) ____________________________________; 2) ____________________________________; 3) ____________________________________ тұрады.
2. Кезекші бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: бекітілген бекет ведомостіне сәйкес патрульдік полиция жасақтарын үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ППЖ жұмыс нәтижесін қорытындылау, нұсқау (развод) өткізуге дайындықты жүзеге асыру; Функциялары: 1) жедел жағдай күрделене түскен орындарда (ІІО кезекші бөлімінің келісімі бойынша жағдайға байланысты), патрульдік-бекет қызметін арттырады, құқық бұзушыларды ұстау, құқық бұзушылықтарды және қылмыстардың жолын кесу мен ескерту шараларын қабылдайды, оларды болу жолымен күштер мен құралдарды маневрлеуді жүзеге асырады; 2) жедел жағдай өзгергенде, кезек күттірмейтін шараларға ден қоюды жүзеге асыру кезінде басқа құқық қорғау органдары мен тиісті билік органдарымен, ІІО бөліністерінің кезекші бөлімімен өзара іс-қимыл жасасады; 3) ПБЖ сауалы бойынша ұсталған адамдарды автокөлік пен заттарды деректер базасының есебі бойынша тексеруді қамтамасыз етеді, қолдағы бар біріктірілген деректер банкінен ақпараттық мәліметтерді ПБЖ ұсынады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|