Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 106-қосымша
Ішкі істер департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы (бөлімі) туралы үлгілік ереже
1. Жедел-криминалистикалық басқарма (бөлім) (бұдан әрі - ЖКБ (б)) Ішкі істер департаментінің (бұдан әрі - ІІД) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. ЖКБ (б) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. ЖКБ (б)-ның құрылымын, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) ____________________________________; 2) ____________________________________; 3) ____________________________________ тұрады.
2. ЖКБ (б)-ның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: қылмыстардың алдын алуда, анықтауда, тергеуде және ашуда криминалистикалық құралдар мен әдістерді қолдану. Функциялары: 1) ішкі істер органдарының жедел-криминалистикалық бөліністері (бұдан әрі - ЖКБ) қызметкерлерінің тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шараларына қатысуы; 2) тіркеу пункттерінде агрегаттардың маркалау белгілерін және тіркеу құжаттарын қолдан жасау белгілерін анықтау мақсатында автомотокөлікті қарау; 3) тергеу және жедел-іздестіру бөліністерімен бірлесіп, криминалистикалық құралдар мен әдістерді пайдалану практикасына талдау жүргізу, оларды жетілдіру бойынша практикалық шараларды әзірлеу және жүзеге асыру; 4) ішкі істер органдарының тергеу және жедел-іздестіру бөліністерінің криминалистикалық құралдар мен әдістерді пайдалануын ұйымдастыруда практикалық және әдістемелік көмек көрсету, олардың қызметкерлерін қылмысқа қарсы күрестегі ЖКБ-ның мүмкіндіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 5) қылмыстардың алдын алуда, анықтауда, ашуда және тергеуде криминалистикалық құралдар мен әдістерді пайдалануды ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтау, тарату және енгізу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|