Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 478 бұйрығына 111-қосымша
Ішкі істер департаментінің Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы (бөлімдері) туралы үлгілік ереже
1. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы (бөлімдері) (бұдан әрі - Басқарма (бөлім) Ішкі істер департаментінің (бұдан әрі - ІІД) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Басқарма (бөлім) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Басқарманың (бөлімнің) құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді. 1) ____________________________________; 2) ____________________________________; 3) ____________________________________ тұрады.
2. Басқарманың (бөлімнің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) және ІІД-не келіп түскен материалдар бойынша ІІД мен оның құрылымдық бөліністері басшылығының қызметін құжаттамалық және ақпараттық қамтамасыз ету. Функциялары: 1) келіп түскен қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін шағымдарды, арыздарды, қызметтік құжаттарды қабылдау, тіркеу және ІІД бастығына, оның орынбасарларына баяндау, нұсқауға сәйкес орындаушыларға жіберу; 2) шығыс құжаттарды, жеке азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түсетін шағымдардың және өтініштерді өңдеуге қабылдау, оның дұрыс рәсімделуін тексеру, конвертке салу, жіберілетін құжаттарға реестр құру және оларға есеп жүргізіп, фельдегерлік байланыс және арнайы байланыс арқылы жіберу; 3) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін енгізу, дамыту және толық пайдалану бойынша ұйымдастырушылық жұмысты жүргізу; 6. Міндеті: нормативтік-құқықтық актілерді кодификациялау. Функциялары: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|