Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 86 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері мен субсидиялардың нормалары: 1) осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына); 2) осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін. 2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев): осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін; осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|