Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 967 қаулысының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 967 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 411-құжат) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімде реттік нөмірі 39-2-жол алынып тасталсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|