Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бизнес-процестерін басқару жүйесін дамыту бойынша техникалық кеңесті құру туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бизнес-процестерін басқару жүйесін дамыту жобасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бизнес-процестерін басқару жүйесін дамыту бойынша техникалық кеңес туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бизнес процестерін басқару жүйесін дамыту бойынша техникалық кеңестің құрамы бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 379 бұйрығымен бекітілген
ереже
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бизнес-процестерін басқару жүйесін дамыту бойынша техникалық кеңес (бұдан әрі - Техникалық кеңес) Министрліктің бизнес-процестерін басқару жүйесін дамыту бойынша жобаны сарапшылық сүйемелдеу үшін құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) алқалық консультациялық-кеңес органы болып табылады. 2. Техникалық кеңес өз қызметінде осы Ережені, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңын және білім саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Техникалық кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі анықтайды және оның бұйрығымен бекітіледі. Техникалық кеңестің құрамына Министрліктің департаменттерінің және комитеттерінің басшылары кіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|