|
1998 жылы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (2014 жыл 4 желтоқсан Астана қ.,)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 1037 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі, 1998 жылы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) басшылыққа ала отырып, Келісімге өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар таңбаларына және басқа да өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау және пайдалану саласында өзара тиімділік және тепе-теңдік негізіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша өзгерістер енгізуді қалай отырып, төмендігілер туралы келісті:
1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Келісімнің мақсаттары үшін «өнеркәсіптік меншік» ұғымы 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде қайта қаралған, 1979 жылғы 2 қазандағы өзгерістері бар 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының (бұдан әрі - Париж конвенциясы) 1-бабында көрсетілген мағынасында түсінілетін болады.».
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|