Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 338 Қаулысымен күші жойылды Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 272 қаулысымен бекітілген
«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік қызметінің стандартына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасымен бірге жүгінуі, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: 1) құжаттарды қабылдау және тіркеу, анықтаманы ресімдеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау. Нәтижесі - анықтаманы қол қоюға жолдау; 2) анықтамаға қол қою. Нәтижесі - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама; 3) анықтама беру. Нәтижесі - жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы беру. Ұзақтығы - 10 (он) минуттан аспайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|