Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 338 Қаулысымен күші жойылды
Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 272 қаулысымен бекітілген
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі - Стандарт), сондай-ақ сәйкес көрсетіледі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысытын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалар» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде көрсетіледі. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді іс-шараларына қатысуға жолдама беру, онда мыналар қамтылады: 1) жұмысқа орналасуға жолдама Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда; 2) қоғамдық жұмыстарға жолдама; 3) адамдарға кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жолдама; 4) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жолдама; 5) жастар практикасына жолдама; 6) адамдарға кәсіби бағдарлануға тегін қызметтер көрсету.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|