ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 18-5/520 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 20-04/518 бұйрығына 11-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылордаоблыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (бұдан әрi - Инспекция) орман және балық шаруашылығы, жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқару, бақылау және қадағалау функцияларын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады. Инспекция Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының және Қызылорда облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) қызметін бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілетті. 2. Инспекция өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Инспекция Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауы жазылған мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 4. Инспекция өзінің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|