ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 18-5/520 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 20-04/518 бұйрығына 13-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы (бұдан әрi - Инспекция) орман және балық шаруашылығы, жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында атқару, бақылау және қадағалау функцияларын орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады. Инспекция Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметін және «Ертіс жағалауы» мемлекеттік кешенді табиғи қаумалы мен «Қаз қайтуы» мемлекеттік табиғат ескерткішінің қорғалуын және Павлодар облысы әкімшілік шекарасының шегіндегі Ертіс бассейнінің су айдындарында (су қорғау белдеуі мен аймағын, жағалау жиегін және санитарлық қорғау аймағын қоса алғанда) бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ үйлестіруді жүзеге асыруға уәкілетті. 2. Инспекция өзінің қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|