«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 141-1 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 111 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/172-V «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2441-нөмірмен тіркелген, 2013 жылғы 25 желтоқсанда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Оңтүстік Қазақстан облысының 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 389 543 351 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 10 085 499 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 1 823 648 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 357 мың теңге; трансферттер түсімі - 377 623 847 мың теңге; 2) шығындар - 387 736 440 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 275 020 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 5 439 712 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 1 164 692 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 3 000 000 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 3 000 000 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 5 468 109 мың теңге; 6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру - 5 468 109 мың теңге.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|