ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 912 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 91 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Техникалық реттеу және метрология комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) реттеуіш, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарында шоттары бар. 4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. 5. Комитет, егер осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады. 6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимитiн Жауапты хатшы бекітеді. 8. Комитеттің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 11, «Эталон орталығы» ғимараты. мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комиеті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Орыс тілінде - республиканское государственное учреждение «Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|