Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № НК-24/8017-И Хаты
Кәсіпорын басшыларына (тізім бойынша)
ҚР ҚМ Салық комитеті жер қойнауын пайдаланушыларға салық салуға байланысты салық заңнамасына түсінік беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында келесіні хабарлайды: Салық кодексінің 310-бабының 10-тармағына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген, бастапқы өңдеуден (байытудан) ғана өткен мұнайды және (немесе) минералды шикізатты өткізуден түскен табыс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмен емес болып айқындалады. Сонымен қатар, Салық кодексінің 310-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу шығыстарын, жалпы әкімшілік пен пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды бастапқы қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысты емес басқа да шығындарды қоспағанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер үстіне шығарумен және оларды қайта өңдеумен (байытумен) тікелей байланысы бар өндіріс шығындарын білдіреді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|