Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1150 Қаулысымен мақұлданды
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Грузия Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз учаскесінде теміржол-теңіз қатынасындағы транзиттік тасымалдарды дамыту туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Әзербайжан Республикасының Үкіметі, Грузия Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметі Еуропа, Қара теңіз, Кавказ, Каспий теңізі мен Азия өңірлерінде экономикалық қатынастарды, сауданы одан әрі дамыту мен көлік қатынасын жетілдірудің маңыздылығын мойындай отырып; халықаралық нарыққа қолжетімділікті оңайлату және ТРАСЕКА дәлізі бойынша жүктерді транзиттік тасымалдауға жәрдемдесу қажеттігін ескере отырып; Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз бағытында жүктердің халықаралық мультимодальды тасымалдарын жетілдіру саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мақсатында; халықаралық теміржол көлігі жөніндегі Негізгі Келісімге техникалық қосымшаның және ТРАСЕКА мультимодальдық тасымалдарын дамыту туралы келісімнің ережелеріне сәйкес төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Осы Келісім Қытай Халық Республикасы - Қазақстан Республикасы - Каспий теңізі - Әзербайжан Республикасы - Грузия - Түрік Республикасы - Қара теңіз бағытында жүктердің халықаралық теміржол-теңіз мультимодальдық тасымалдары саласындағы Тараптардың өзара қатынастарын айқындайды. 2. Тараптардың құзыретті органдары: 1) Қазақстан Республикасы тарапынан - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі; 2) Әзербайжан Республикасы тарапынан - Көлік министрлігі; 3) Грузия тарапынан - Экономика және орнықты даму министрлігі; 4) Түрік Республикасы тарапынан - Көлік, теңіз қатынасы және коммуникация министрлігі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|