Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2015.02.12. № 981 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 1010 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігі, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және жолын кесу, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күре саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік өндірісті жүзеге асыру салаларында басшылық жасауды қамтамасыз ететін ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. ҚР Ішкі істер министрінің 2019.25.11. № 1010 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар. 4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. 5. Комитет егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|