Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 37-қосымша
ҚР Ішкі істер министрінің 2020.26.11. № 805 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.06. № 574 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.10.12. № 1054 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ЕРЕЖЕ (2020.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.06. № 574 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.10.12. № 1054 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) Нұр-Сұлтан қаласы аумағындағы азаматтық қорғау органдары мен бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|