ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 160 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 19-5/530 бұйрығына 4-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады. 2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының езге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады. 4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Инспекция өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіпте бұйрықтармен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген басқада актілермен рәсімделген шешімдерді қабылдайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|