ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 160 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 19-5/530 бұйрығына 5-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Инспекция) су қорын пайдалануды реттеу және қорғау саласын іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде атқаратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің (бұдан әрі - Комитет) аумақтық органы болып табылады. Инспекцияның Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бөлімдері бар. 2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Инспекция мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы Комитетке ведомстволық бағынышты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртанбандары, белгіленген белгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есепшоттары болады. 4. Инспекция азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Егер инспекция заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан уәкілеттенсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|