«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/137-V «Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 31/247-V шешіміне, облыс әкімдігінің «Мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы» 2014 жылғы 2 қазандағы № 316 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.
Б.Оспанов Б.Жылқышиев Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|