ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 18 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 145 бұйрығына 2-қосымша
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі - Комитет) халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. 4. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктің жауапты хатшысы бекітеді. 5. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Горький көшесі, № 60 үй, 2-қабат. 6. Департаменттің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|