Қазақстан Республикасы Президентінің (2022.09.11. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнаулы ақпараттық қызметі» мемлекеттік мекемесі: 1) оны мынадай мемлекеттік мекемелерге: «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосына; «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы техникалық әзірлемелер орталығы» - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемеге бөлу арқылы; 2) оның жедел іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша арнайы жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ радиоэлектрондық және радиотехникалық барлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне беру арқылы қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоса беріліп отырған: ҚР Президентінің 2021.19.07. № 621 Жарлығымен ереже өзгертілді (құпия); ҚР Президентінің 2022.17.05. № 893 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2022.05.07. № 955 Жарлығымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 3. Көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Арнаулы ақпараттық қызметінің қарамағындағы аумақтық органдар осы Жарлыққа қосымшаға (құпия) сәйкес таратылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|