Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2014 жылғы 13 қазандағы № 8-НҚ бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ереже
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) телекоммуникация және почта байланысы аясындағы салаларды қоспағанда, тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу салаларында, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес энергия өндіруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметін бақылау мен реттеуді және өзге де арнайы атқарушылық, рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау і комитетінің аумақтық органы болып табылады. 2. Департамент өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент өзінің мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоты бар заңды тұлға болып табылады. 5. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|