ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 167 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 17 қазандағы № 92 бұйрығына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ әуе және құбыржол көлігін қоспағанда, көлік саласында Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын ведомствосы болып табылады. Комитеттің «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес аумақтық органдары бар. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша төрағаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді. мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде - республиканское государственное учреждение «Комитет транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|