Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-кұжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат; 2013 ж., № 8, 169-құжат; № 30, 455-құжат; 2014 ж., № 3, 17-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: 3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Ұлттық Банкі Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауына және ақша-кредит саясатын жүзеге асыруына қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.»; бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге тікелей бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.»; он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|