«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды есепті және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 125 бұйрығымен күші жойылды
2014 жылдың 3 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің және 2014 жылдың 4 шілдесінен бастап Қылмыстық-процестік кодексінің қабылдануына байланысты, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К есеп нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К есеп нысанын қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулық. 2. Осы бұйрықтың Тізім бойынша 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрығының күші жойылған деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге; 2) орындау үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелеріне, Комитеттің аумақтық органдарына жолдасын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|