«Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 238 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 153-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесінде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Телекоммуникацияның көрсетілген әмбебап қызметтерінің нақты кірістері, көлемі және сапасы туралы деректер осы Ережеге 1-қосымша түрінде ресімделеді және оны Оператор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның бірінші айының 15-күніне дейін ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 10 желтоқсанына дейін беріледі.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 22-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органына Операторға телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсеткені үшін залалдарды өтеу үшін субсидиялар мөлшері туралы ведомость пен төлем шотын ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері есепті жылдың 20 желтоқсанына дейін беріледі.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|