«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы (2015.26.03. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 112-1701 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы, «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Басқарма басшысы осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялап, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 21 қазандағы № 112-1773 қаулысына қосымша
«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Астана қаласының аумағында туризм, дене тәрбиесі және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|