Осы редакция 2014 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 633 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидаттары мен шарттары туралы келісімнің, 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалдау шартының (бұдан әрі - Жалдау шарты) және 2004 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің ережелеріне адалдығын растай отырып, Ресей Федерациясының ғарыштық бағдарламалар іс-шараларын, халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен коммерциялық ғарыштық жобаларды жүзеге асыру мақсаттары үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану тиімділігін арттыру мүдделерінде іс-әрекет жасауға ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде «Союз» типіндегі тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердің құлау ауданы ретінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін беруге және пайдалануға байланысты Тараптар мен құқықтық қатынастардың басқа да қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін реттеу үшін ұйымдық-құқықтық негіз белгілеу осы Келісімнің мәні болып табылады.
1. Осы Келісімді орындау бойынша жұмыстарды үйлестіруге жауапты уәкілетті органдар: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|