«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 501-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында: 17-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Мектепке дейінгі ұйымды құрылтайшы құрады және ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында тіркеледі. Тіркелгеннен кейін мектепке дейінгі білім беру ұйымы қызметінің басталғаны туралы орналасу орнына қарай құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.»; мынадай мазмұндағы 18-1 және 18-2-тармақтармен толықтырылсын: «18-1. Мектепке дейінгі ұйым қызметін тоқтатқан кезде орналасқан жері бойынша құзыретіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органды қызметінің тоқтатылғаны туралы хабардар етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|