Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы
Осы редакция 2014 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Айыпталушылардың істі соттың алқабилердің қатысуымен қарау құқығын және алқабилер қатысатын істер бойынша іс жүргізуді реттейтін заңнама нормаларын дұрыс әрі біркелкі қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 543-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстардан басқа аса ауыр қылмыстарға байланысты істер, айыпталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш түскен жағдайда, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта (бұдан әрі - соттар) қаралады. Адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) бірнеше баптарында көрсетілген қылмыстарды жасады деп айып тағылған жағдайда, олардың ішінде біреуі аса ауыр қылмыс болса және ол қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлімделсе, сондай-ақ егер аса ауыр қылмыс жасады деп бірнеше адам айыпталса және олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлімдесе, оларға қатысты қылмыстық істі қарау ҚІЖК-нің 13-бөлімінде көрсетілген қағидалар бойынша жүргізіледі. 2. ҚІЖК-нің 546-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен соттың қарауы туралы өтінішті алдын ала тергеу аяқталған соң істің барлық материалдарымен танысу, сондай-ақ қылмыстық іс прокурорға жіберіліп, айыпталушыны сотқа беру кезінде және сотта істі алдын ала тыңдау барысында, бірақ судья басты сот талқылауын тағайындағанға дейін мәлімдеуге құқылы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|