Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2018.03.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015 - 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар: 1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2016.03.02. № 48 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.03.03. № 107 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) іс-шаралар жоспары өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1444 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|