Жаңа заңды жұртшылыққа түсіндіру
Құқыққа қарсы қол сұғудан азаматтардың қорғалуы мен мемлекет мүддесін жоғарылатуға, әкімшілік-деликтілік заңнаманы жаңарту мен жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. Жаңа кодекстің әрбір бабын Әділет министрлігінің жанындағы жұмыс тобының мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен және жұртшылықтың пікірін ескере отырып, пысықтаған жайы бар. Жүргізілген жұмыс қортындылары бойынша түзетулер 2001 жылғы кодекстің 970 бабының 760 бабын қамтып, жаңа 61 бап қосылып, 115 бап алынып тасталынған екен. Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл мөлшері орта есеппен екі есе азайтылған болса, әкімшілік жазаның түрі ретінде ескертуді қолдану аясы кеңейтілген. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың құзіреті қайта қаралған. Осының салдарынан, санкцияларда айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделген баптар уәкілетті мемлекеттік органдардың қарауына беру жолымен соттардың жұмысы жеңілдетілді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|