ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.07.04. № 117 бұйрығымен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына 6-қосымша
Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (2021.09.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021.09.11. № 325 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 8-тармағына сәйкес әзiрлендi және ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның бөлімшесі; 2) ветеринариялық бақылау бекеті (бұдан әрі - ВББ) - шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын ведомствоның бөлімшесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|