Мемлекеттік кірістер органдарының заң қызметтерінің жұмыстарын одан әрі жетілдіру шаралары туралы
Салық және кеден органдарын біріктіру бөлігіндегі мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға байланысты, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды жоғарылату, заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік кірістер органдарының қызметтеріндегі заң қызметінің рөлін күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мемлекеттік кірістер органдарының басшылары: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген штат санының лимиттері шегінде мемлекеттік кірістер органының бірінші басшысына тікелей бағынатын дербес құрылымдық бөлімшелер ретінде заң қызметтерінің жұмысын қамтамасыз етсін. Егер де мемлекеттік кірістер органының штат санының лимиті дербес заң қызметін құруға мүмкіндік бермесе тікелей мемлекеттік кірістер органының бірінші басшысына бағынатын заң қызметінің міндетін атқаратын кем дегенде бір қызметшіні қарастырсын; 2) заң қызметтеріндегі лауазымға заң білімі бар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін тұлғаларды ғана тағайындасын; 3) мемлекеттік кірістер органының өзін қайта ұйымдастырудан немесе таратудан басқа жағдайларда, заң қызметтерін таратуға жол бермесін; 4) заң қызметтеріне олардың қызметіне тән емес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Заң басқармасы туралы ережеде қарастырылмаған функцияларды жүктеуге тыйым салсын; 5) құкықтық бағалауды талап ететін құжаттарды заң қызметтерімен міндетті түрде келісуді қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|