ҚР Қаржы министрінің 2021.08.01. № 7 бұйрығымен 2023 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 6-қосымша
Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп
101.03-нысан
Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебiн) (101.03 нысан) толтыру кезінде пішімді-логикалық бақылау жүргізуге қойылатын талаптарды қараңыз
Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 7-қосымша
Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан)
1. Осы Резиденттің табысына төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.03-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық агенті Салық кодексінің 143-бабында көрсетілген резиденттерге табыстарын төлеу кезінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу және уақтылы төлеуге, төлем көзінен салық салынатын табыстарды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігінің (есептің) (бұдан әрі - есеп) нысанын жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 144-бабына сәйкес салық агенті жасайды. 2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 4. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 5. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 1) қағаз жеткізгіште - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|