«Үмбет» жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы (2022.19.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Байзақ, Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының аумақтарында осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес шекара шегінде жалпы алаңы 298400 гектар «Үмбет» (бұдан әрі-Қаумал) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын. 2. Қаумалдың аумағында осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелерінің, жер пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметтеріне шектеу белгіленсін. Жамбыл облысы әкімдігінің 2022.19.07. № 153 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қаумал «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Луговой ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілсін. 4. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді; 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; 4) осы қаулыдан туындайтын басқа қажетті шаралар қабылдасын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Әбдірайымовқа жүктелсін. 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|