Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 482 Қаулысымен күші жойылды Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 605 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдармен бірлесіп (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жергілікті атқарушы органдармен көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мынадай тәсілдердің (сырғалау, таңба басу, чип салу) бірімен жануарларға жеке нөмір беру және ветеринариялық паспорт беру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме өтініш және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттар (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар топтамасын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады - 15 (он бес) минуттан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|