Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы
ҚР 2015 жылғы 16 шілдедегі № 331-V Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 6 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» немесе «Мемлекеттер» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары ынтымақтастық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету арқылы тергеп-тексеру, қылмыстық қудалау және қылмыстылықтың алдын алу саласында екі Тараптың да құзыретті органдары жұмысының тиімділігін арттыруға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Осы Шарттың ережелеріне сәйкес Тараптар тергеп-тексеруге, қылмыстық қудалауға және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қылмыстық істерге қатысты талқылауға байланысты бір-біріне өзара көмек көрсетеді. 2. Осы Шарттың мақсаттары үшін тергеп-тексеру және іс жүргізу Сұрау салушы Мемлекетте қылмыстық қудалау үшін бағытталуы мүмкін жағдайлардағы заңнамалық ережелерді бұзатын қылмыстарға байланысты тергеп-тексеруді және іс жүргізуді қамтиды. а) адамдардың айғақтарын немесе арыздарын алуды; b) құжаттарды, материалдарды және заттай дәлелдемелерді беруді және олардың төлнұсқалығын куәландыруды; с) адамдардың және заттардың орналасқан жерін анықтауды немесе оларды сәйкестендіруді; d) құжаттар тапсыруды; е) осы Шартқа сәйкес айғақтар беру үшін немесе басқа да көмек көрсету үшін күзетпен ұсталып отырған адамдарды беруді; f) тінту мен алып қоюды жүргізуді; g) активтерді анықтауды, ізіне түсуді, оқшаулауды, оларға тыйым салу мен оларды тәркілеуді және тиісті іс жүргізуге көмек көрсетуді; және h) Сұрау салынатын Мемлекеттің заңнамасымен тыйым салынбаған көмектің өзге де кез келген түрін қамтиды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|