Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 20-баптарына БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары; 3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың мониторингін жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау қағидалары; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары; 5) Осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар; 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар; 7) Осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес ең жақсы концессиялық өтінімді айқындау үшін Жобаларға қойылатын кретерийлер; 8) Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар санатқа жатқызу критерийлері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|