Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес және кинологиялық қызмет бөліністері қызметкерлерінің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту туралы
Ішкі істер органдарының барлық деңгейдегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністері қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын біріздендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының есірткі бизнесіне қарсы күрес және кинологиялық қызмет бөліністері қызметкерлерінің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтары осы бұйрыққа 1-55-қосымшаларға сәйкес бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және Көліктегі ішкі істер департаменттері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік мекемелерінің бастықтары онкүндік мерзімде сеніп тапсырылған бөліністер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын осы бұйрыққа сәйкес келтірсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаментіне (С.Т. Құсетов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасарының 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 956 бұйрығына 1-қосымша
БЕКІТІЛДІ ____________________________________ (ішкі істер органының атауы) бастығы ____________________________ (арнаулы атағы) ____________________________________ (Т.А.Ә., қолы) 20__ жылғы «____» ____________________
___________________________________________________ (ішкі істер органының атауы)
1. Жалпы ережелер
1. Негізінде қызметтік жұмыс жүзеге асырылатын негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық құжаттар: - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қылмыстық, Қылмыстық-процестік кодекстер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|