Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы (2018.16.03. берілген өзгерістермен)
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-10 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018.16.03. № 16-5 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастардың мынадай тізбелері: 1) Батыс Қазақстан облысы бойынша ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль қатынастардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес; 2) Батыс Қазақстан облысы бойынша ауылдық және ауданішілік автомобиль қатынастардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес; 3) қалалық және қала маңындағы автомобиль қатынастарының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес айқындалсын. 2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарына мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|