|
|
|
29.03.2023 Особенности возврата государственной пошлины
В Комитете государственных доходов подробно рассказали о том, в каких случаях и как можно произвести возврат с бюджета госпошлины. Государственной пошлиной является платеж в бюджет, взимаемый за совершение юридически значимых действий, в том числе связанных с выдачей документов (их копий, дубликатов) уполномоченными государственными органами или должностными лицами. Для уплаты государственной пошлины предусмотрены два кода бюджетной классификации: 108125 Государственная пошлина, зачисляемая в республиканский бюджет; 108126 Государственная пошлина, зачисляемая в местный бюджет. Излишне уплаченными признаются уплаченные суммы государственной пошлины – при условии подтверждения соответствующим уполномоченным государственным органом посредством электронной базы и (или) на бумажных носителях факта несовершения им действий (в том числе в результате отказа налогоплательщика от совершения действий до подачи соответствующих документов), для осуществления которых требуется уплата таких платежей. Возврат излишне уплаченной суммы государственной пошлины производится органом государственных доходов на основании представленных налогоплательщиком налогового заявления и документа соответствующего государственного органа, подтверждающего правомерность возврата. Возврат суммы государственной пошлины налогоплательщику, в пользу которого состоялось решение суда о взыскании государственной пошлины с государственного учреждения, являющегося стороной по делу, производится органом государственных доходов на основании представленных налогоплательщиком налогового заявления и вступившего в законную силу решения суда. Юридически значимые действия и выдача документов, для получения которых уплачивается государственная пошлина, производятся уполномоченными государственными органами, а также в поле «назначение платежа» платежного документа не отражается детальная информация о платеже. Поэтому для возврата государственной пошлины в случае отказа лиц, уплативших государственную пошлину, от совершения юридически значимого действия или от получения документа до обращения в орган, совершающий данное юридически значимое действие, от налогоплательщиков требуются подтверждающие документы от уполномоченных государственных органов. Для возврата уплаченной суммы государственной пошлины в орган государственных доходов по месту уплаты направляется налоговое заявление по форме согласно приложению 15 к Приказу Министра финансов Республики Казахстан от 12.02.2018 года №160 «Об утверждении форм налоговых заявлений» с приложением подтверждающих документов на возврат. При этом налоговое заявление на проведение возврата направляется в электронном виде через web-приложение КГД «Кабинет налогоплательщика», портал «электронного Правительства» (egov.kz), мобильное приложение E-salyq Azamat - Налоговый кошелек (для физических лиц) либо предоставляется на бумаге через НАО Государственная корпорация «Правительство для граждан» с приложением подтверждающих документов. Возврат излишне уплаченной суммы государственной пошлины производится органом государственных доходов в течение пяти рабочих дней со дня подачи налогового заявления на возврат. При этом документы на возврат излишне уплаченной суммы государственной пошлины должны быть представлены в орган государственных доходов до истечения трехлетнего срока со дня уплаты такой суммы государственной пошлины в бюджет. Вместе с тем, государственная пошлина не возвращается в случаях отказа истца от иска, уменьшения истцом своих требований, отмены судебного приказа. В соответствии с Законом Республики Казахстан «О платежах и платежных системах» после приема платежей в бюджет информационные системы банков второго уровня отправляют в Платежный шлюз «электронного правительства» (ПШЭП) информацию о проведенных платежах, связанных с уплатой платежей в бюджет и социальных платежей. В целях упрощения оказания государственных услуг, оперативного подтверждения уплаченных сумм платежей в бюджет и социальных платежей, а также исключения требования о предоставлении документов, подтверждающих уплату, реализована возможность подключения государственных и уполномоченных органов к ПШЭП. Такое подключение позволяет государственным и уполномоченным органам получать информацию о платежах в течение нескольких минут после осуществления налогоплательщиками уплаты, осуществлять контроль по оказанию услуги, при неоказании услуги использовать информацию при поступлении налогового заявления на возврат. После подключения всех государственных и уполномоченных органов к ПШЭП отпадет необходимость в предоставлении налогоплательщиком документа уполномоченного государственного органа на бумажном носителе, подтверждающего обоснованность возврата, т.к. такое подключение позволяет осуществлять возврат посредством данных ПШЭП (электронной базы) при неиспользовании платежа.
Пресс-служба Комитета государственных доходов МФ РК
Мемлекеттік бажды қайтарудың ерекшеліктері
Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік бажды бюджеттен қай жағдайда және қалай қайтаруға болатыны туралы түсіндіріп берді. Мемлекеттік баж уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар, оның ішінде құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) берумен байланысты әрекеттер жасағаны үшін алынатын, бюджетке төленетін төлем болып табылады. Мемлекеттік бажды төлеу үшін бюджеттік сыныптаманың екі коды көзделген: 108125 Республикалық бюджетке енгізілетін мемлекеттік бажы; 108126 Жергілікті бюджетке енгізілетін мемлекеттік бажы. Мемлекеттік баждың төленген сомалары тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы немесе қағаз түрінде оның жүзеге асырылуы үшін осындай төлемдерді төлеу талап етілетін іс-әрекеттерді жасамау фактісін (оның ішінде салық төлеушінің тиісті құжаттарды бергенге дейін іс-әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) растаған жағдайда, артық төленген болып танылады. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші ұсынған салықтық өтініштің және қайтарудың заңдылығын растайтын тиісті мемлекеттік органның құжатының негізінде жүргізеді. Іс бойынша тарап болып табылатын мемлекеттік мекемеден мүдделі салық төлеушіге мемлекеттік бажды өндіріп алуды мемлекеттік кірістер органы салық төлеуші ұсынған салық өтініші және заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жүргізеді. Мемлекеттік баж төленетін заңды маңызы бар іс-әрекеттерді және құжаттарды беруді уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді, сондай-ақ төлем құжатының «төлем мақсаты» жолында төлем туралы егжей-тегжейлі ақпарат көрсетілмейді. Сондықтан мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық маңызы бар іс-әрекет жасаудан немесе құжатты алудан осы заңдық маңызы бар іс-әрекетті жасайтын органға жүгінуге дейін бас тартқан жағдайда мемлекеттік бажды қайтару үшін салық төлеушілерден уәкілетті мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары талап етіледі. Төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін төлеу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына растайтын құжаттарды қоса бере отырып, «Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 12.02.2018 жылғы №160 бұйрығына 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш жіберіледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016425/links). Бұл ретте қайтаруға арналған салықтық өтініш «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, egov.kz «электрондық үкімет» порталы, «e-Salyq azamat» мобильді қосымшасы - салық әмияны (жеке тұлғалар үшін) арқылы электронды түрде жіберіледі. Немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы растайтын қосымшасы бар құжаттар қағаз түрінде ұсынылады. Мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруды мемлекеттік кірістер органы салықтық өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді. Бұл ретте мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтаруға арналған құжаттар мемлекеттік баждың осындай сомасы бюджетке төленген күннен бастап үш жылдық мерзім өткенге дейін мемлекеттік кірістер органына ұсынылуға тиіс. Сонымен қатар, талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан, талапкер өз талаптарын азайтқан, сот бұйрығының күші жойылған жағдайларда мемлекеттік баж қайтарылмайды. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бюджетке төлемдер қабылданғаннан кейін екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері бюджетке төлемдер мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге байланысты жүргізілген төлемдер туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» төлем шлюзіне жібереді. Мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңайлату, бюджетке төленген төлемдер мен әлеуметтік төлемдер сомаларын жедел растау, сондай-ақ төленгенін растайтын құжаттарды ұсыну туралы талапты болдырмау мақсатында мемлекеттік және уәкілетті органдары төлем шлюзіне қосылды. Мұндай қосылу мемлекеттік және уәкілетті органдарға салық төлеушілер төлемді жүзеге асырғаннан кейін бірнеше минут ішінде төлемдер туралы ақпарат алуға, қызмет көрсету бойынша бақылауды жүзеге асыруға, қызмет көрсетілмеген жағдайда қайтаруға салықтық өтініш түскен кезде ақпаратты пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық мемлекеттік және уәкілетті органдарды төлем шлюзіне қосқаннан кейін салық төлеушінің қайтарудың негізділігін растайтын қағаз түріндегі уәкілетті мемлекеттік органның құжатын ұсыну қажеттілігі болмайды, өйткені мұндай қосылу төлемді пайдаланбаған кезде электрондық база деректері арқылы қайтаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |