Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларының кейбір мәселелері туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелердің атауы өзгертілсін. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган; 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 564 қаулысына 1-қосымша
Атауы өзгертілетін республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны − Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|